×

Ауылдан басталған тренд: шарап пен нашақорлықтан бас тарту науқаны жемісін беріп жатыр

Даурен Омаров 26.07.2025 | 10:22
Ауылдан басталған тренд: шарап пен нашақорлықтан бас тарту науқаны жемісін беріп жатыр
ашық дереккөз

Елімізде соңғы жылдары айрықша трендтер мен жалпы қоғамдық бастамалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі  - «Қауіпсіз ауыл», «Шарапсыз ауыл» жобасы жобалары. Ең ғажабы мұндай бастамалар мен трендтерге күллі ел болып үлес қосып жатыр.

Қазақ халқы дәстүрлі түрде алкогольді аз тұтынған, өйткені көшпелі өмір салты мен ислам дінінің әсері арақ-шараптан аулақ болуға ықпал еткен. Алайда, кеңестік кезеңде орыс мәдениетінің әсерінен алкоголь тұтыну кең етек алғаны белгілі. Кейіннен еліміз егемендік алып, Тәуелсіз ел болған соң халық арасында діни сана мен ұлттық құндылықтардың қайта жаңғыруына байланысты кейбір ауылдарда алкогольден бас тарту бастамалары күшейген. Әрине мұндай бастамаларға мешіттер мен қариялардың үндеулері катализаторы болып отырғаны белгілі.

Мұндай бастамалардан кейін кейбір ауылдарда түгелдей алкогольден бас тартып қана қоймай, жастардың қалаларға кетуі азайып, ауылда ееркше мәдениет қалыптаса бастағаны айтылады. Алкоголь сату кейбір дүкендер үшін табыс көзі болғанымен жергілікті кәсіпкерлер саналы осындай қадамдарға барып отыр.

Арақ-шараптан бас тартқан ауылдарда қылмыс деңгейі төмендеп, отбасылық құндылықтар нығайып, жастардың салауатты өмір салтына бет бұруы байқалады. Мысалы, Теңдік ауылында ұрлық пен қылмыс «атымен жоқ» деп сипатталады.

Теңдік сияқты ауылдардың тәжірибесі басқа өңірлерге үлгі болып жатыр. Мәселен, Жетісу облысында, жобасы аясында нашақорлық пен алкоголизмге қарсы шаралар күшейтілген. Бұл жоба ауылдарда алкоголь тұтынуды азайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ең қызығы, мұндай ерікті бастамалар нашақорлыққа қарсы күрес аясында да байқалып отыр. Нашақорлық – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде күрделі мәселе. Статистикаға сүйенсек, елімізде нашақорлыққа байланысты қылмыстар саны жыл сайын артуда. 2022 жылы 9 мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыс тіркелген, ал нашақорлықтан зардап шегушілердің 60%-ы 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік және қоғамдық деңгейде кешенді шаралар жүргізілуде.

Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес үшін қатаң заңдар қабылданған. Мысалы, есірткі саудасымен айналысқандарға ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін жарнамалауға шектеу қойылған.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында нашақорлықтың зияны туралы сабақтар мен тренингтер өткізіледі. «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты акциялар жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған.

Нашақорлықтан зардап шегушілерге көмектесу үшін арнайы орталықтар ашылып, психологиялық және медициналық қолдау көрсетіледі. Мысалы, Петропавл қаласында нашақорлыққа қарсы акция аясында жылжымалы сенім пункттері жұмыс істеп, психологтар кеңес беріп келеді.

Басында айтып өткеніміздей мұндай шараларға ауылды жерлер қосылып отыр. Кейбір ауылдарда шарап пен нашақорлықтан бас тарту науқаны жемісті нәтижелер беріп жатыр. Мысалы, Жетісу облысында «Қауіпсіз ел» жобасы аясында нашақорлық пен алкоголизмге қарсы шаралар күшейтілген. Ауылдық жерлерде спорт алаңдары салынып, жастарға арналған үйірмелер ашылуда. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ауыл әйелдері мен ақсақалдары алкогольге қарсы күресте маңызды рөл атқаруда. Олар жастарды дұрыс жолға салу үшін отбасылық құндылықтарды насихаттап, моральдық қолдау көрсетеді. Кейбір ауылдарда алкоголь сатуға шектеу қойылып, дүкендерде спирттік ішімдіктердің сатылымы қатаң бақылауға алынған.

Қысқасы, нашақорлық пен алкоголизмге қарсы күрес – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті деген ұғым расқа айналып келе жатыр деуге болады. Ауылдарда шараптан бас тарту бастамалары салауатты өмір салтын қалыптастырудың алғашқы қадамы болып табылады. Бұл індеттермен күресу үшін білім беру, заңнаманы күшейту және қоғамдық қолдау маңызды. Егер әрбір азамат салауатты өмір салтын ұстанса, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтап қалуға болады. Ауылдардағы оң өзгерістер – бұл бүкіл Қазақстан үшін үлгі бола алатын қадам.

Сарапшылардың айтуынша, жемісін беріп жатқан мұндай бастамалар аясыз қалмау үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар  қолдауы керек. Мұндай бастамаларды қолдау үшін гранттар, спорттық инфрақұрылым немесе мәдени шаралар көбейтілуі керек.

«Ауылдарда алкогольден бас тарту бастамаларын кеңейту үшін кәсіпкерлер мен ірі компаниялар тарапынан жергілікті тұрғындарға арналған қолаулар мен ағартушылық бағдарламаларды дамыту қажет. Сондай-ақ, спорт алаңдары, кітапханалар және жастар орталықтары сияқты балама демалыс орындарын ашу қажеттілігі онсыз да белгілі. Ал мемлекет тарапынан алкоголь сатуға қатаң шектеулер тұрақты түрде жүргізіліп, заңсыз сауданы бақылау күшейе түсуі керек», - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ бұл жобаға үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), мысалы, АҚТҚ-ның алдын алу және нашақорларды қолдау бағдарламаларымен айналысатын қоғамдастықтар, есірткіге тәуелді адамдарға көмек көрсететін мекемелер ат салысуы тиіс. Мәселен, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы осындай ұйымдарға гранттар ұсынып келеді.

Ақпараттық науқандар күшейтіліп, мектептер мен университеттерде «Есірткі туралы біліңіз, есірткінің алдын алыңыз» сияқты бағдарламалар арқылы жастар арасында профилактикалық жұмыстары күшейтіліп жатыр.

Есірткіге қарсы қоғамдық бақылау – бұл нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қоғамның, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың бірлескен іс-әрекеттерін білдіреді. Қазақстанда бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік пен халық денсаулығына қатер ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңы есірткі айналымын бақылауды және оларды медициналық мақсатта пайдалану ережелерін реттейді.

2011 жылғы «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң есірткі айналымына қатысты тексерулер мен бақылау шараларын күшейтеді.

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) есірткі бизнесіне қарсы күрес және айналымын бақылау департаменті арқылы заңсыз есірткі айналымын анықтау және жолын кесумен айналысады. Мысалы, 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар синтетикалық есірткінің таралуын тежеуге, тәуелділікті ерте анықтауға және құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.