×

Жаңа Конституция – халық талқысында

Даурен Омаров 05.02.2026 | 19:16
Жаңа Конституция – халық талқысында
halykpartiyasy.kz

Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Іс барысында облыстарда кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар ұйымдастырылуда.

ҚХП Маңғыстау облыстық филиалында партия белсенділері мен жергілікті мәслихат депутаттарының қатысуымен кездесу өтті.

– Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын қолдайды, – деді филиал басшысының м.а. Рашид Төлеуғалиев. – Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасын іске асыруды Әділетті Қазақстан құрудағы ең маңызды және заңды қадам деп санаймыз.

Филиал конституциялық реформа тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қатысушылар жобаның негізгі тұжырымдарын жан-жақты талқылап, ҚХП-ның осы мәселеге қатысты ұстанымын және көзқарасын білдірді, сондай-ақ конституциялық өзгерісті іске асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлін қарастырды.

Батыс Қазақстан облысындағы партияластарымыз да дөңгелек үстел ұйымдастырып конституциялық реформаны тілге тиек етті. Іс-шара филиал белсенділері мен қоғам өкілдері және сарапшылар қауымдастығы арасындағы ашық пікір алмасу алаңына айналды.

Филиал төрағасы Борис Лаврентьев қатысушыларға жобаның негізгі тұжырымдарын түсіндіріп, құжатқа енгізілген өзгерістер демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын кеңейтуге және мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылаудың рөлін арттыруға ықпал ететінін айтты. Қатысушылар ұсынылған өзгерістерді, олардың әлеуметтік-саяси мәні мен еліміздің дамуына қосатын ықтимал әсерін жан-жақты талқылады

– Заң үстемдігіне, әлеуметтік әділдік пен азаматтардың мүддесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деп нақтылады ұйымдастырушылар. – Барлығы мұндай пікірталастың маңызы зор екенін атап өтіп, талқылауға қатысуды жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

ҚХП Ақмола облыстық филиалында өңір белсенділерімен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шарада қатысушылар пікір алмасып, құқықтық және қоғамдық тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныс білдірді. Партия мүшелерінің пікірінше, бұл заңнаманы айқын және әділ етуге септігін тигізеді. Диалог барысында қоғам үшін маңызды мәселелерді конструктивті талқылауға әзір екенін көрсеткен белсенділер ерекше рөл атқарды.