×

Қарттар күні: Қай өңірдің зейнеткерлері ақшалай көмек алады?

Даурен Омаров 01.10.2026 | 09:48
Қарттар күні: Қай өңірдің зейнеткерлері ақшалай көмек алады?
Adal Adam

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде зейнеткерлер мен егде жастағы азаматтарға біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Астана қаласы, Қарағанды және Түркістан облыстарында мұндай төлемді жалпы саны 150 мыңнан астам адам алады.

Астанада жасына байланысты зейнетке шыққан барлық тұрғынға 2,5 АЕК, яғни 10 812 теңгеден төленеді. Біржолғы төлеммен елордадағы 110 мыңнан астам зейнеткер қамтылады.

Қарағанды облысында төлем 75 жастан асқан тұрғындарға қарастырылған. Өңірдегі 43 405 адамға 5 АЕК – 21 625 теңгеден беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 938,6 млн теңге бөлінген.

Түркістан облысында біржолғы көмек барлық зейнеткерге емес, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызілікті қарттарға беріледі. Осы санаттағы 1 253 адам 21 625 теңгеден алады.

Ал бірқатар өңірде Қарттар күніне арнайы ақшалай төлем қарастырылмаған. Әкімдіктердің мәліметінше, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында жергілікті бюджеттен мұндай біржолғы төлем берілмейді.

Айта кетейік, 2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге. Сондықтан төлем көлемі мен оны алатын азаматтардың санаты әр өңірдің шешіміне қарай ерекшеленеді.