«Самұрық-Қазына» қоры шұғыл мәлімдеме жасады
«Самұрық-Қазына» АҚ мен қор құрамындағы компаниялар жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Бұл туралы қордың ресми мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Қордың хабарлауынша, инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өзгеріссіз қалады.
«Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатыр», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап отырғанын мәлімдеді.
Қор барлық серіктесімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін және қолданыстағы келісімдер бойынша міндеттемелер толық орындалатынын растады.