×

Медеу ауданы қоғамдық кеңістікті дамыту үшін барын салып жатыр

Даурен Омаров 16.07.2025 | 11:40
Медеу ауданы қоғамдық кеңістікті дамыту үшін барын салып жатыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Медеу ауданында кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Шілде айында ауданы 3,4 га болатын «Тереңқұр» аумағын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жоба аясында спорт, балалар алаңын, демалыс аймақтары салып, көгалдандыру жағы қарастырылған.

Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асырыла бастады. Тұрғындардан 650-ден астам ұсыныс қабылданды. Бұл мақсатқа 2 млрд теңге бөлінген. Мамыр мен қыркүйек айлары аралығында 17 аула мен 13 қоғамдық кеңістікті абаттандырып, сондай-ақ төрт аумақта автоматты суару жүйесін орнату жоспарланып отыр.

Мамыр айында 60 аула аумағын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жобаға 2,6 млрд теңге бөлінді. Жоба аясында жаңа балалар мен спорт алаңын орнатып, жарықтандырып, көгалдандыру және демалыс аймақтарын құру қарастырылған. Жөндеу жұмыстары осы күзде аяқталады.

Шілде мен қыркүйек аралығында жалпы құны 500 млн теңге болатын үш ағымдағы жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл тізімге Қарасай батыр көшесіндегі жаяу жүргінші аймағын абаттандыру (Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін), Уәлиханов бульварын жөндеу (Шевченко көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін), сондай-ақ ВОАД-тың бос жатқан аумағын жаңарту кіреді.