×

Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Жеңімпаздар анықталды

Даурен Омаров 25.09.2025 | 14:19
Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025»: Жеңімпаздар анықталды
"Ұлы дала жорығы"

25-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алтыншы кезеңі аяқталды. Таңертең 7 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласына келіп тоқтады.

500 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысының бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.    

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтыды. Бүгін Арқалық қаласында Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай сыйлықпен Ұлы дала жорығының арнайы кубогы табысталды.