Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
Атырау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Eco Generation: Таза әлемге қадам» тақырыбында жастармен кездесу алаңы өтті. Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды, - деп хабарлайды Adaladam.kz.
Кездесуге оқушылар мен белсенді жастардан құралған 70 адам қатысты. Негізгі мақсат – жастар арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын жан-жақты түсіндіру, экология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ жастар мен сарапшылар арасында ашық диалог алаңын құру.
Іс-шара фасилитация форматында ұйымдастырылып, қатысушылар командаларға бөлініп, экология тақырыбында жобалар әзірледі. Мұндай үлгі жастардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Кездесу барысында фасилитация спикері Асылханым Ахмурова экологиялық ойлау мен командалық жұмыстың маңыздылығына тоқталды.