×

Еуразиялық интеграция институтының Exit poll нәтижесі жарияланды

Adal Adam 16.03.2026 | 00:21
Еуразиялық интеграция институтының Exit poll нәтижесі жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Еуразиялық интеграция институты жүргізген Exit poll нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Сауалнама Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдастырылды. Зерттеу референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында жүргізілген.

Exit poll барысында жалпы 200 референдум учаскесі қамтылған. Оның ішінде 129 учаске қалалық жерлерде, ал 71 учаске ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысқан. Азаматтармен арнайы дайындықтан өткен интервьюерлер face-to-face әдісі арқылы, яғни бетпе-бет сұхбат жүргізген.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, зерттеу нәтижелерінің қателік деңгейі 1%-дан аспайды.