×

Наурызнама онкүндігі: бірлік, дәстүр және отбасы құндылықтары

Adal Adam 17.03.2026 | 19:27
Наурызнама онкүндігі: бірлік, дәстүр және отбасы құндылықтары
Фото: Жасанды интеллекетпен жасалған

Қазақстанда Наурыз мейрамы аясында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтуде. Мерекелік онкүндіктің әр күні белгілі тақырыпқа арналып, халықты ұлттық дәстүрге, мәдени мұраға және отбасы құндылықтарына жақындатады, деп хабарлайды Adaladam.kz.

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл күні адамдар жылы жүзбен кездесіп, ізгі тілектер айтады, үлкендерге құрмет көрсетеді. Мерекелік іс-шаралар қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған, еліміздің барлық өңірінде концерттер, фестивальдер мен ұлттық ойындар өткізіледі.

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Күн мәдениетке, өнерге, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге арналды. Ұлттық орталық музей, филармония және басқа мәдени мекемелерде халық мәдениетін насихаттауға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

17 наурыз – «Шаңырақ күні». Бұл күн отбасы, ұрпақ сабақтастығы, үлкендерге құрмет және отбасы институтын нығайтуға арналған. Елордалық және өңірлік шараларда ұлттық стильде неке қию рәсімдері, флешмобтар, отбасылық байқаулар мен фестивальдер өткізіледі. Күннің басты символы – шаңырақ, ол біртұтас әулеттің, бірлік пен татулықтың белгісі.

Осылайша, Наурызнама онкүндігі ұлттық дәстүрлер мен заманауи қоғамдық мазмұнды сабақтастыра отырып, қоғамдағы сыйластық, бірлік пен отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше мерекелік кезең болып табылады.