×

Ұлттық киім – қазақ рухани мәдениетінің айнасы

Adal Adam 19.03.2026 | 12:40
Ұлттық киім – қазақ рухани мәдениетінің айнасы
Фото: nmrk.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ұлттық киім – ұлт айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел мен көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киім арқылы қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрін және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ киімнің тарихи дамуы мен қазіргі қоғамдағы символикалық рөлін талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында этнографтар ұлттық киімнің тарихы мен маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасап, оның рухани және мәдени құндылығын жан-жақты түсіндірді. Қолөнер шеберлері дәстүрлі киім үлгілерін таныстырып, олардың жасалу әдістері мен ою-өрнек ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары ұлттық киімнің тәрбиелік мәні мен заманауи қоғамдағы орнын кеңінен баяндады.

Іс-шара аясында музей қорынан алынған бірегей ұлттық киім үлгілері қойылған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақтың дәстүрлі киімдерінің ерекшеліктері, ою-өрнектері, жасалу технологиялары мен көркемдік мәні көрермен назарына ұсынылды.

Бұл іс-шара ұлттық киімнің тек сыртқы көрінісі емес, оның мәдени және рухани мәнін дәріптеу арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулуға, тарихи сабақтастықты сақтау мен дәстүрді жаңғыртуға бағытталған маңызды шара болып саналады.