×

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қандай іс-шаралар өтеді?

Даурен Омаров 30.04.2026 | 13:12
Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қандай іс-шаралар өтеді?
Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Қазақстан халқының бірлігі мерекесін кең көлемде атап өтпек. Аймақ тұрғындары мен қонақтары мәдени, спорттық іс-шараларға куә болмақ. 

Қонаев қаласы

  • 1 мамыр, 09:00 –  Орталық саябақта Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды велошеру өтеді.
  • 1 мамыр, 09:30 – Орталық алаңда «Бірлік» фестивалі басталып, концерттік бағдарлама мен халықтық серуендер ұйымдастырылады.
  • 1–3 мамыр, 12:00 – ASP Club-та SHAKEFEST x ASP ауқымды фестивалі ұйымдастырылады: диджейлер, картинг, дрифт, бассейн, after party, фуд-аймақ және балаларға арналған ойын-сауық.
  • 1–3 мамыр, 10:00–18:00 – Таңбалы тас аумағында Tengri Ultra 2026 трейлраннинг бойынша халықаралық жарыс өтеді.
  • 1–4 мамыр, 10:00–18:00 –  Спортты дамыту дирекциясында ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан чемпионат өтеді.

Қарасай ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Қаскелең қаласының Орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама өтеді.
  • 5–6 мамыр, 09:00 – Қаскелең қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Ұстаз Барысы – 2026» қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады.

Талғар ауданы

  • 1–3 мамыр, 09:00–18:00 –  Талғар қаласындағы №2 БЖСМ-де жас спортшылар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді.
  • 5–9 мамыр, 09:00 – Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 68а мекенжайында Есет Нүсіпановты еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир өтеді.

Еңбекшіқазақ ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Есік қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы Жастар саябағында концерттік бағдарлама және этномәдени орталықтардың көрмесі өтеді.
  • 2 мамыр, 12:00 – Қаракемер ауылында көкпар алаңында жарыс ұйымдастырылады.
  • 4–6 мамыр, 09:00–18:00 – Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде балалар арасында асық атудан чемпионат өтеді.
  • 5 мамыр, 18:00 – Шелек ауылындағы саябақ алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған PatriOt Fest гала-концерті өтеді.

Кеген ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Кеген ауылының Орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мәдени-көпшілік іс-шара өтеді.
  • 2 мамыр, 13:00 – Кеген ауылындағы Мәдениет үйінде «Тәңіртау таланттары» облыстық байқауы ұйымдастырылады.
  • 4–6 мамыр, 10:00–15:00 – Ж. Ермегияев атындағы мектепте педагогтар арасында шағын футболдан турнир өтеді.

Іле ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Өтеген батыр кентінің стадионында «Достық алаңы» футбол турнирі өтеді.
  • 1 мамыр, 10:00 – Орталық стадион мен Арбатта «Бірлікте – біздің күшіміз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
  • 2–3 мамыр, 09:00–18:00 – №18 орта мектепте жастар, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан чемпионат өтеді.

Ұйғыр ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Шонжы ауылының Орталық алаңында мерекелік мәдени іс-шара өтеді.
  • 1–3 мамыр, 09:00–18:00 – Шонжыдағы БЖСМ-де балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтеді.

Жамбыл ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Ұзынағаш ауылының Орталық алаңында «Отаным – ортақ мекенім» атты мерекелік шара өтеді.
  • 1 мамыр, 10:00 – Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде «Бейбітшілік бесігі» концерті ұйымдастырылады.
  • 6 мамыр, 10:00 – Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімінде «Ерлік» жобасы аясында жастарға арналған ашық есік күні өтеді.

Райымбек ауданы

  • 1 мамыр, 11:00 – Нарынқол ауылындағы Жастар саябағында «Бірлігіміз жарасқан» атты салтанатты шара өтеді.
  • 1 мамыр, 11:00 – Нарынқол ауылындағы Мәдениет үйінде «Бірлік пен достық» сурет конкурсы өтеді.

Балқаш ауданы

  • 1 мамыр, 11:00 – Бақанас ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақстан – татулықтың мекені» атты мәдени іс-шара өтеді.

Алатау қаласы

  • 1 мамыр, 09:00 – Орталық алаңда «Ұлттар достығының ұлы мерекесі» атты мерекелік концерт өтеді.
  • 2–9 мамыр, 08:00–18:00 – Асанов атындағы атқыштар клубында стендтік атудан Әлем кубогы өтеді.