×

Ерлан Карин Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Adal Adam 09.05.2026 | 14:31
Ерлан Карин Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: akorda.kz

Ерлан Карин Жеңіс күніне орай Бауыржан Момышұлының Астана қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Adaladam.kz. 
 

Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері де қатысты. Рәсім барысында Мемлекеттік кеңесші батырлардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың Атырау облысында өткен отырысында берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілгені айтылды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай даңқты батырға «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойған.

Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өнегелі өмір жолы жас ұрпақ үшін патриотизмнің, ар-намыстың және Отанға адал қызмет етудің үлгісі екені атап өтілді.