Бензин неге қымбаттап жатыр? – Энергетика министрі жауап берді
Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы әлемдік нарықтағы үрдістермен қатар ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа да байланысты. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Журналистер министрден Қазақстан мұнай өндіретін мемлекет бола тұра, елде жанармай бағасының неге өсіп жатқанын сұрады.
Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бағаның қалыптасуына бір ғана фактор емес, бірнеше маңызды себеп әсер етеді.
Әлемдік трендтер бар, ішкі сұраныс пен ұсыныс бар. Біз өнімді оның өзіндік құнынан төмен бағамен сата алмаймыз. Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауыты шығаратын жанармай барлық сапа талаптарына толық сәйкес келеді, – деді министр.