×

"Аманат" партиясы "Әділетке" қосылды

Даурен Омаров 14.06.2026 | 13:15
"Аманат" партиясы "Әділетке" қосылды
Adal Adam

"Аманат" партиясы "Әділетке" ресми түрде қосылды, деп хабарлайды Adaladam.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Әділет» партиясының II Съезінде белгілі болды. Партия делегаттары "Аманат" партиясының ұсынысын қолдап, дауыс берді. 

"Шешім қабылданды. Тарихи сәт! "Аманат" партиясы "Әділет" партиясына қосылды", - деп мәлімдеді партия кеңесінің саяси мүшесі Рауан Кенжеханұлы. 

Айта кетейік, 12 маусымда өткен съезде "Аманат" партиясы "Әділет" партиясына қосылу туралы шешім қабылдаған еді.