×

Үкімет қаулысы күшіне енді: кімдердің жалақысы мен үстемақысы өседі?

Даурен Омаров 08.07.2026 | 15:37
Үкімет қаулысы күшіне енді: кімдердің жалақысы мен үстемақысы өседі?
Adal Adam

Қазақстанда ветеринария және мұрағат ісі саласының мамандарына жаңа қосымша төлемдер мен үстемақылар төлене бастады, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес, жаңа нормалар 2026 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енді.

Енді еңбек жағдайына байланысты ветеринария және мұрағат саласы қызметкерлері заңнамада көзделген қосымша төлемдерді ресми түрде алады.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде еңбек ететін осы сала мамандарының лауазымдық жалақысына жергілікті мәслихаттардың шешімімен кемінде 25 пайыз көлемінде үстемақы белгіленеді.

Бұдан бөлек, құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру да қарастырылған. Осы мақсатта қосымша арттыру коэффициенті енгізіліп, нәтижесінде олардың лауазымдық жалақысы 1,75 есеге дейін өседі.