×

Астанада Айнұр Әбдірәсілқызының Қожа Ахмет Ясауиге арналған екі кітабының тұсаукесері өтті

Даурен Омаров 04.07.2026 | 15:32
Астанада Айнұр Әбдірәсілқызының Қожа Ахмет Ясауиге арналған екі кітабының тұсаукесері өтті
Алпамыс Файзолла\Kazinform

Елордада филология ғылымдарының кандидаты, ақын әрі ғалым Айнұр Әбдірәсілқызының «Ясауи поэзиясы және түркі әдебиеті» атты монографиясы мен «Шайхым — Ахмет Ясауи…» тарихи-танымдық пьесасының тұсаукесері өтті.

Автордың айтуынша, монография – 25 жылдық ғылыми еңбектің жемісі.

«„Ясауи поэзиясы және түркі әдебиеті“ атты монография – 25 жылдық еңбегіміздің жемісі. Онда Ясауи мұрасына арналған әлемдегі іргелі зерттеулер талданып, „Диуани хикметтің“ қазақ тіліне аударылған 17 нұсқасы сараланды», – деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Іс-шараға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан және халықаралық түркі ұйымдарының өкілдері қатысты.