Ақшұқырдағы атыс: Екі адам ауруханаға түсті
Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында атыс болып, екі жігіт жарақаттанды.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ.
Оқиғаға байланысты полиция адам өлтіруге оқталу, бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау мен алып жүру баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.
Құқық қорғау органдары жанжалға қатысқан барлық азаматты анықтап, ұстаған. Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.