Ақмола облысында екі күнде бес адам суға кетті
Ақмола облысында демалыс күндері бес адам суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғалар салдарынан бес адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Барлық қайғылы жағдай шомылуға арналмаған орындарда тіркелген.
Жыл басынан бергі шомылу маусымында өңірдің су айдындарында 15 адам қаза болған.
Құтқарушылар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.