×

«Жұмыс қарқыны өте төмен»: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына қатаң ескерту жасады

Даурен Омаров 14.07.2026 | 11:37
«Жұмыс қарқыны өте төмен»: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына қатаң ескерту жасады
primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Алматыдағы ЖЭО-3 құрылысының қарқынын сынға алып, «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтовқа қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Adaladam.kz.

«ЖЭО-3 бойынша жағдай мәз емес, жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың соңына дейін нысанды аяқтамасаңыздар, жеке жауапкершіліктеріңіз қаралады», – деді Үкімет басшысы.

Бектенов Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазынаға» негізгі энергетикалық жобаларды уақытында аяқтауды және оларды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.