×

Jas Vibe: Алматы жастары қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда

Даурен Омаров 04.08.2026 | 21:10
Jas Vibe: Алматы жастары қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Дүниежүзілік жастар күніне орай ұйымдастырылған ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі аясында Jas Vibe мерекелік акциясы басталды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Акция 3–12 тамыз аралығында өтеді. Осы уақыт ішінде қала көшелерінде арнайы брендтелген автобус қатынап, қала маскоттары мен «Жас Алматы» белсенділері тұрғындарды мерекемен құттықтап, түрлі ойындар мен интерактивтер ұйымдастырады.

Белсенді қатысушыларға 12 тамызда өтетін ALMA LOVE 2026 фестивалінің қорытынды концертіне арналған фан-аймаққа шақыру билеттері табысталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, достық пен бірлікті нығайтуға және жастар мәдениетін дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, ALMA LOVE 2026 фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Бағдарлама аясында мәдени, спорттық, білім беру, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы ондаған іс-шара ұйымдастырылады.