«Қазақстанға Алланың азабы керек» деп жазған қарағандылық мұғалім жұмыстан кетті
Қарағандыдағы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі Жарқын Әбдікәрімов жұмыстан кетті, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Бұған дейін педагог Threads желісіндегі жазбасымен қоғамда қызу талқыға қалған еді.
«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші. Әмин!» – деп жазған ол.
Кейін Әбдікәрімов бұл сөздерді ашумен жазғанын айтып, қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Қарағанды облысының білім басқармасы 10 қыркүйектен бастап педагогпен еңбек шарты тоқтатылғанын хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, Жарқын Әбдікәрімов өз еркімен жұмыстан шыққан.