Қызылорда облысында полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны. Сот санкциясымен ол қамауға алынды.
Бұған дейін Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік инспектор дене жарақатын алып, кейін көз жұмғаны хабарланған. Оқиға болған сәтте полиция қызметкері еңбек демалысында болған.
Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Істің барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.