×

Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты

Даурен Омаров 15.09.2026 | 12:00
Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты
Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру қарқыны өсті, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі бір жылда 22,3 пайызға артқан. Елде ауыл және орман шаруашылығына арналған техника шығаратын 40 кәсіпорын мен өндіріс орны жұмыс істейді. Өндірістің 72,5 пайызы ауыл шаруашылығы машиналарына тиесілі.

Былтыр Қазақстанда 1 236 астық жинайтын комбайн шығарылды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға көп.

Комбайн өндірісінде Ақмола облысы көш бастап тұр – жалпы көлемнің 47,9 пайызы осы өңірге тиесілі. Қостанай облысының үлесі – 32 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 18 пайыз.

Отандық ауыл шаруашылығы техникасы шетелге де шығарыла бастаған. 2025 жылы 16 комбайн экспортталды. Негізгі сатып алушылар – Тәжікстан, Грузия және Өзбекстан.

Өндірушілер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы техникасының экспортын одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.