×

Атырауда жаңа мектеп салынғанымен, оған баратын жол жоқ

Даурен Омаров 15.09.2026 | 14:30
Атырауда жаңа мектеп салынғанымен, оған баратын жол жоқ
atr.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Шағын ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілгенімен, оған қатынайтын жол мен оқушыларды тасымалдау мәселесі шешілмей отыр, деп хабарлайды Adaladam.kz сайты Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Сайттың мәліметінше, мектеп ауыл шетінде орналасқан. Оған апаратын аумақта жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру қарастырылмаған. Ата-аналар балаларға арнайы автобус бөлуді сұрағанымен, жол құрылысы толық аяқталмайынша тасымал ұйымдастыру мүмкін болмайтыны айтылған.

Сондай-ақ Шағын ауылынан аудан орталығына қатынайтын тұрақты қоғамдық көлік те жоқ.

Тұрғындар жаңа мектеппен бірге балалардың қауіпсіз жолы мен тасымалы да қатар шешілуі керек деп отыр.