×

Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Даурен Омаров 15.09.2026 | 17:24
Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қызылорда облысы әкімдігі

19-20 қыркүйекте Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Елордаға Сыр өңірінен 500 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде 200 тоннадан астам күріш, 200 тонна бақша өнімдері, 50 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 25 тонна балық, 10 тонна ет өнімдері бар. Сондай-ақ сүт және кондитерлік өнімдер, ас тұзы мен ұлттық сусындар ұсынылады.

Өнімдер жәрмеңкеде өндіруші бағасымен сатылады.

📅 19-20 қыркүйек, 09:00-18:00
📍 Астана, «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойы