×

«1 жыл да жеткілікті»: Гүлзира Айдарбекова Жақсыгеннің жазасын жеңілдеткен дұрыс деп санайды

Даурен Омаров 17.09.2026 | 09:57
«1 жыл да жеткілікті»: Гүлзира Айдарбекова Жақсыгеннің жазасын жеңілдеткен дұрыс деп санайды
ашық дереккөз

Продюсер Гүлзира Айдарбекова 2 жыл 3 айға сотталған актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Айдарбекова Жақсыгенді жақын танымайтынын, алайда оның ата-анасы мен бала-шағасын ескеріп, жазаны жеңілдетуге болар еді деген ойын айтты.

«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс-ау, кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін. Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп, 2 жарым жыл емес, 1 жыл да жеткілікті ме дегенім ғой. Ол жақтан түзеліп емес, қаныпезер болып, бұзылып келуі де мүмкін», – деді продюсер.

Еске салайық, Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенді онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған. Ол сот залында қамауға алынды.