×

24 күн комада жатқан Нұржігіт ауруханадан шықты

Даурен Омаров 17.09.2026 | 12:46
24 күн комада жатқан Нұржігіт ауруханадан шықты
скрин

Жол апатынан ауыр жарақат алып, 24 күн комада жатқан Нұржігіт Қошанов Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынан шығарылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Бұл туралы Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, Нұржігіттің ауруханадан шыққан сәтінің видеосын жариялады. Кадрда оны екі адам қолтықтап алып шыққаны көрінеді. Нұржігіт медицина қызметкерлеріне алғысын айтып, қоштасқан.

Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысында болған. Оқиғадан кейін Нұржігіттің жағдайы аса ауыр болып, алдымен Құлан ауылында, кейін Тараздағы ауруханада ем қабылдаған.

Ол ауруханада 31 күн емделіп, оның 24 күнін комада өткізген. Кейін есін жиып, жағдайы жақсарған.