×

Мәдениет және ақпарат министрі А. Қырықбаев «Кітап оқитын ұлт» марафонының финалдық кезеңін жариялады

Даурен Омаров 18.09.2026 | 12:50
Мәдениет және ақпарат министрі А. Қырықбаев «Кітап оқитын ұлт» марафонының финалдық кезеңін жариялады
Кітап оқитын ұлт

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысу үшін бір 1,2 миллионнан астам қазақстандық тіркелді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.

Қатысушылар байқаудың жеті бағытының бірін таңдай алады. Тіркелгеннен кейін олар алты ай ішінде 15 кітап оқып, ұйымдар, аудандар, қалалар және өңірлер деңгейіндегі бірнеше іріктеу кезеңінен өтуі тиіс. Өңірлік кезеңде қатысушылар командалық форматта бақ сынайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев қазақстандықтардың жобаға деген жоғары қызығушылығын атап өтіп, оқу мәдениетін дамыту – баршаға ортақ міндет екенін айтты. Небәрі екі аптаның ішінде бір миллионнан астам адамның тіркелуі бұл бастаманың халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша шамамен төрт мың қатысушы «Жыл оқырманы» атағы үшін сайысты жалғастырады. Өңірлік іріктеу жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

бірінші орынға – 600 мың теңге;

екінші орынға – 450 мың теңге;

үшінші орынға – 300 мың теңге.

Келесі кезеңде қатысушылар эссе жазып, оқыған шығармаларын таныстырып, сараптамалық қазылар алқасының алдында сөз сөйлейді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша әр өңірден 10 үздік оқырман анықталады.

Астанада өтетін республикалық финалға еліміздің барлық 20 өңірінен 200 адам қатысады. Олар тестілеуден, байқау тапсырмаларынан өтіп, қазылар алқасының алдында көпшілік алдында сөз сөйлейді. Финал қорытындысы бойынша Қазақстанның 10 үздік оқырманы анықталады. Олардың әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде бас жүлде табысталады.