×

«Қартайдық»: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын ойландырып қойды

Даурен Омаров 21.09.2026 | 12:00
«Қартайдық»: Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын ойландырып қойды
©instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Threads желісінде шет тілдерін үйрену туралы ойын айтып, жастарға кеңес берді. Ол кезінде меңгерген қытай, ағылшын және түрік тілдерін әрі қарай дамытпағанына өкінетінін жазды.

«Қытайға барғанда ЖОО оқыған қытай тілімді неге ары қарай оқымадым, дамытпадым деп өкінем, Англияға барғанда әп-әжептеуір білетін ағылшынымды ұмыта бастағаныма өкінем, Түркияға барғанда сериал арқылы үйренген түрікшем әдеби кітаптарын оқуға жетпейтініне өкінем, в общем бір кем дүние. Мені қойшы, қартайдық. Жастарға айтарым, босқа жүрмеңдер, өзге тілді тек нан сұрап жейтін дәрежеде емес, зыпылдап (любя айтып тұрмын) сөйлейтін дәрежеде біліңдер, өздеріңе жақсы», – деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.

Ол жастарды уақытты тиімді пайдаланып, шет тілдерін еркін сөйлейтін деңгейге дейін меңгеруге шақырды.