Ақтауда «Қасиетті орын – таза мекен» экологиялық акциясы өтті
Ақтауда Маңғыстау облыстық Бекет ата мешіті аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қасиетті орын – таза мекен» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Іс-шараны Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп өткізді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында қатысушылар Бекет ата мешіті аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартты.
Игі бастамаға Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының қызметкерлері, Бекет ата мешітінің қызметкерлері және дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының мамандары қатысты.
Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің наиб имамы Байкенже Оңғарбаев қоғамдағы және мешіт аумағындағы тазалықты сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Осындай іс-шараларға белсенді қатысу арқылы әрқайсымыз өзіміз тұратын ортаның көркеюіне үлес қоса аламыз. Осыған орай, барша Маңғыстау тұрғындарын туған жеріміздің тазалығын сақтауға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деді Байкенже Оңғарбаев.