×

Almaty SuperSki: Алматыда жаңа тау шаңғысы курорты мен балаларға арналған инфрақұрылым қалай дамиды?

Adal Adam 30.09.2026 | 18:04
Almaty SuperSki: Алматыда жаңа тау шаңғысы курорты мен балаларға арналған инфрақұрылым қалай дамиды?
Фото: Adaladam.kz

Алматы тау кластерін кешенді дамыту аясында халықты, әсіресе балалар мен жаңадан бастаушыларды тау спортына жаппай тартуға бағытталған масштабты «Almaty SuperSki» жобасы іске асырылуда. Жаңа курорт кәсіби спортшылармен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи жағдай жасауды көздейді, деп жазад Adaladam.kz.

Жобаның басты ерекшелігі мен даму бағыттары:

Ауқымды трассалар мен жаңадан бастаушыларға жағдай: Жаңа курорт аумағында тәулігіне 10 мыңнан астам шаңғышыны қабылдай алатын шамамен 60 шақырым тау шаңғысы трассасын салу жоспарланған. Бұл ретте трассалардың шамамен 70%-ы балалар мен тау шаңғысын жаңадан үйренушілерге арналады. 

Мектеп оқушыларына арналған сабақтар: Алматы қаласының әкімдігі Kazakh Tourism Development компаниясымен бірлесіп, болашақ курорт аумағында дене шынықтыру сабақтарын өткізу мүмкіндігін пысықтауда. Бұл тәжірибе Австрия (жыл сайын 80 мыңнан астам бала), Швейцария (128 мыңнан астам оқушы), сондай-ақ Франция мен Италия тәрізді Еуропа елдерінің озық үлгілеріне негізделген. 

Әлеуметтік қолжетімділік және көлік инфрақұрылымы: Жоба аясында 11 аспалы жол салынады. Жоспар бойынша балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұл аспалы жолдарды тегін пайдалана алады. Медеу станциясынан 3 400 метр биіктіктегі Күмбел шыңына дейін көтерілу мүмкіндігі қарастырылған. 

Қосымша қызметтер мен логистика: Кластер аясында шаңғы мектептері жұмыс істеп, нұсқаушылар даярланады, сондай-ақ отбасылық және бейімделген спорт түрлері дамиды. Таулы аймақтардың көліктік қолжетімділігін арттыру үшін қоғамдық көлікті дамыту, ұстап қалушы автотұрақтар, тегін электр шаттлдар және бірыңғай қатынау жүйесі енгізіледі.