×

Бостандық ауданында 70 көпқабатты үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтіп, сәулеттік жарықпен жаңартылуда

Adal Adam 02.10.2026 | 18:53
Бостандық ауданында  70 көпқабатты үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтіп, сәулеттік жарықпен жаңартылуда
фото: Региональная служба коммуникаций г.Алматы

Бостандық ауданында көшелерді «қасбеттен қасбетке дейін» тұтастай кешенді жаңғырту қағидаты бойынша тұрғын үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстары мәресіне жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) брифингінде Бостандық ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Жобаның тапсырыс берушісі — Бостандық ауданы әкімінің аппараты. Бүгінгі таңда 45 көппәтерлі тұрғын үйде құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды, ал 25 үйде жөндеу аяқталу сатысында. Жалпы 70 үйден тұратын 1-кезең белгіленген мерзімде, осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Жөндеу барысында ғимараттардың қасбеттері бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес үйлесімді түстерге боялып, ретсіз жарнамалар алынып, түнгі уақытта көз тартатын жұмсақ сәулеттік жарық шамдары орнатылуда.

«Біз көшелерді үш өлшемді үлгіде жаңартып жатырмыз: жер астында ескі құбырларды ауыстырсақ, жер үстінде жаяу жүргіншілерге кедергісіз орта жасап, үйлердің қасбетін бірыңғай сәулеттік стильге келтіріп, түнгі сәнді жарық қоюдамыз. Биыл 70 үйдің қасбеті толық бітеді, ал 2027 жылы  тағы 59 үйдің сырты жаңартылады, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүріп жатыр», — деді Азамат Қалдыбеков брифинг барысында.