«Өмірде қарапайым күйеу бала»: Әли Оқаповтың қолға су құйғанына жұрт риза болды
Әли Оқаповтың жары, әнші Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде жұбайының Атырауда күйеу бала ретінде салт-дәстүрге сай қызмет еткен сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Adaladam.kz.
«Атыраудың салтын сақтап, маған қолдау көрсетіп, күйеу бала рөлін керемет атқарып, үлкендердің батасын алып қайттық», – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Өнер иесі жұбайына қолдауы үшін алғыс айтып, «сахнада кәсіби өнер иесі, өмірде қарапайым күйеу бала» деп жылы лебізін білдірді.