Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті: Ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде болған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концерт кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Адамдардың көп жиналуынан көрермендердің бірі зардап шеккен. Қазір ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.