×

Ақтауда сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Adal Adam 29.11.2026 | 13:30
Ақтауда сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды
Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен түрлі ойындар өткізілді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Атап айтқанда, кейбір учаскелерде тұрғындар асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және арқан тарту бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар дәстүрлі ойындарға қызығушылық танытып, өз шеберліктерін көрсетті.

Ұлттық ойындар сайлау учаскелеріне келген азаматтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, дауыс беру күнінің мазмұнын аша түсті.

Айта кетейік, мұндай шаралар ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, төл мәдениет пен дәстүрлі ойындарға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.