×

Алматыда 85 жастағы жазушы Сегізбай Қадірбек сайлауда дауыс беріп, ақ батасын берді

Adal Adam 29.11.2026 | 12:29
Алматыда 85 жастағы жазушы Сегізбай Қадірбек сайлауда дауыс беріп, ақ батасын берді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Белгілі қазақстандық жазушы, журналист, аудармашы әрі баспагер Сегізбай Қадірбек Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Дауыс беру рәсімінен кейін 85 жастағы қаламгер ақ батасын беріп, қазақстандықтарға бейбітшілік, береке-бірлік пен амандық тіледі.

Өмірін әдебиет пен журналистика саласына арнаған Сегізбай Қадірбек бүгінде де елдің қоғамдық өміріне белсенді қызығушылық танытып келеді.

Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру үдерісін ұйымдастыруға сайлау комиссияларының 4 826 мүшесі жұмылдырылған.

Сайлау туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.