×

Өзбекәлі Жәнібеков пен Нұрсұлтан Назарбаевты шағыстырған кім?

Даурен Омаров 07.03.2025 | 15:21

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Өзбекәлі Жәнібеков пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасы неден «нашарлағанын» айтты.

«Өзбекәлі Жәнібековті Мәдениет министрі етіп әкелген – Назарбаев, ал Орталық комитетке хатшы болып келуі Колбиннің әсері болса керек. Өзекең өзінің «Тағдыр тағлымы» мемуарында Назарбаевпен арасы нашар болғанын жасырмай жазды. Бірде Колбин «менің орныма үміткер екі адамның ортасында отырмын» деген ғой екі жағындағы Өзекең мен Нұрекеңе қарап. Бұл бір жағы араларына от жағу. Мүмкін, бағалау да шығар. Бірақ осыны Өзекең көңіліне дық алмаған. Нұрекең болса, көңіліне дық алған. Ал Өзекең бірінші хатшы Назарбаев болса екен деп ойлаған. Өйткені, біріншіден, ол өзінің шәкірті. Комсомолдың тәрбиесі далаға кетпейді деп ойласа керек. Сосын Өзекең өзінің жасының келіп қалғанын білетін. Ол анау айтқандай карьерист адам емес еді. Ал президент бола қалған күннің өзінде Ислам Кәрімовтей басшы болатын еді деп ойлаймын. Кәрімов болу – мақтан емес. Бірақ Нұрекең жаңағы сәтте көңіліне дық алып қалды дейді», - дейді жазушы-ғалым.

Канат Шарлапаев назначен помощником Президента

Он освобожден от ранее занимаемой должности
Алина Мороз Алина Мороз 28.02.2025 | 12:04

Жигули Дайрабаев освобождён от должности в партии "Ауыл"

Он остаётся депутатом мажилиса парламента РК VIII созыва
Алина Мороз Алина Мороз 28.02.2025 | 09:12

Руслан Берденов назначен заместителем акима Шымкента

Решение было принято по согласованию с Администрацией Президента
Алина Мороз Алина Мороз 24.02.2025 | 15:12