Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Adaladam.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мырзахметов бұған дейін Қарулы Күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған. Бұл лауазымға ол 2024 жылғы қаңтарда тағайындалған.
Айдос Мырзахметов 2002 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған. Әскери қызметін взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті.
2026 жылғы мамырда оған генерал-майор әскери атағы берілді. Сондай-ақ ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.