Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы қызметіне Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Мемлекет басшысы Қошановты мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар, халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын саясаткер ретінде атады.
«Ол – білікті әрі тәжірибелі маман. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек етіп, өз міндетін абыроймен атқарды», – деді Президент.
Қазақстан Халық Кеңесінің 120 мүшесі Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер болған жоқ, Кеңестің бір мүшесі қалыс қалды.