×

Серік Егізбаев "Ауыл" партиясының төрағалығынан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады

Даурен Омаров 18.06.2026 | 15:16
Серік Егізбаев "Ауыл" партиясының төрағалығынан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады
"Ауыл" партиясы

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев партия төрағалығынан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Журналистің "Ақ жол" партиясының төрағасы сияқты сіз де төрағалықтан кетесіз бе?" деген сұрағына партия жетекшісі екіұшты жауап берді.

«Бәрі де болуы мүмкін. Бізде (төраға болатындай) кандидаттар көп. Дайын жастар бар», – деді Серік Егізбаев.

Сонымен қатар депутат «Ауыл» партиясының басқа саяси ұйыммен бірігуі мүмкін деген әңгімелерге де пікір білдірді.

«Ондай жоспар жоқ, оған негіз де, мақсат та жоқ», – деді партия төрағасы.