"Менің рекордымды ешкім жаңарта алмайды": Нұртай Сабильянов депутаттық қызметі туралы
Экс-мәжілісмен Нұртай Сабильянов тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ депутаттық еңбек өтілі өзіне тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Оның айтуынша, ол Парламентте 19 жыл қызмет етіп, бес рет депутат болып сайланған.
«Мен Парламент депутаты болып 19 жыл қызмет істедім. Бес рет сайландым. Соның ішінде екі рет бірмандатты округ арқылы өттім. Алғаш рет 2004 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз, Жарма, Үржар аудандарының тұрғындарының қолдауымен депутат болдым. Соңғы рет Абай облысының халқы бірмандатты округ бойынша сайлады», – деді ол.
Нұртай Сабильяновтың сөзінше, бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы депутаттар арасындағы ең ұзақ еңбек өтілі.
«Парламент депутаттарының ішінде ең көп стажы бар депутат болдым. Менің депутаттық өтілім – 19 жыл. Менің бұл рекордымды жақын арада ешкім жаңарта алмайды. Өйткені менен кейінгі депутаттардың еңбек өтілі 15 жыл ғана. Сондықтан бұл рекордты болашақта жас депутаттар ғана жаңартуы мүмкін», – деді экс-мәжілісмен.
Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов алдағы Құрылтайға бару жөнінде де пікірін білдірді.