Рыбакина Соболенкодан тағы озды: айырмашылық – 2 млн доллар
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда ең көп жүлде қаржысын тапқан WTA ойыншысы атанды, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Рыбакинаның биылғы турнирлерден тапқан табысы 10,879 млн доллардан асты. Оның 5,5 млн доллары US Open турниріндегі жеңісі үшін берілген.
Екінші орында Арина Соболенко – 8,047 млн доллар, үшінші орында чехиялық Линда Носкова – 7,491 млн доллар.
US Open-дегі жеңістен кейін Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде де алғаш рет бірінші орынға көтерілді.