×

Тоқаевтың рейтингі өсті: қазақстандықтардың 86,7%-ы сенім білдірген

Даурен Омаров 14.09.2026 | 16:49
Тоқаевтың рейтингі өсті: қазақстандықтардың 86,7%-ы сенім білдірген
Adal Adam

Қазақстандықтардың 86,7 пайызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіреді, деп хабарлайды Adaladam.kz Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сілтеме жасап.

ҚҚДИ 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуалдың негізгі индикаторларын зерттеген. Нәтижеге сәйкес, Президентке деген сенім былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа өскен.

Сауалнамаға қатысқандардың 65,8 пайызы Мемлекет басшысының бастамалары туралы ақпаратты тұрақты немесе оқтын-оқтын алып отыратынын айтқан.

Қазақстандықтар ең көп қолдаған бастамалардың қатарына бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы енген.

Сонымен қатар технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым саласындағы өзгерістер және «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамның қызығушылығын тудырып отыр.

ҚҚДИ мәліметінше, зерттеу нәтижелері мемлекеттік институттарға деген сенімнің тұрақты екенін және азаматтардың елдегі жағдайды негізінен оң бағалайтынын көрсеткен.