×

Маңғыстау облысында азаматтарды сайлау учаскелеріне тіркеу тәртібі түсіндірілді

Даурен Омаров 03.03.2026 | 10:31
Маңғыстау облысында азаматтарды сайлау учаскелеріне тіркеу тәртібі түсіндірілді
man.saylaw.kz

Маңғыстау облысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында халық арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аймақтағы тұрғындарға дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелеріне тіркелу және открепительный талон алу туралы толық мәлімет берілуде.

Маңғыстау облыстық референдум комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

Егер азамат 15 наурызда өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі қажет. Өтініш негізінде открепительный талон беріледі. Бұл құжат азаматқа референдум күні фактілік тұрған жеріндегі учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, открепительный талон сенімхат арқылы өкілге де берілуі мүмкін, нотариалды растама қажет емес. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және дубликаты берілмейді. Бір елді мекен ішінде басқа учаскеде дауыс беру үшін открепительный құжаттар берілмейді, - деді Елубай Әбілов.

Сайлау учаскесін қалай білуге болады

Маңғыстау облысының тұрғындары өздерінің тіркелген сайлау учаскесін мына жолдармен біле алады:
    •    Ресми сайт арқылы: https://man.saylaw.kz/
    •    Telegram-бот арқылы: https://t.me/man_saylaw_bot

Ақпарат алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.

«109» бірыңғай байланыс қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, ол бүкіл облыстан өтініш қабылдайды. Сондай-ақ қалалық және аудандық әкімдіктерде call-орталықтар да жұмыс істейді.

Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақыты):
    •    Ақтау қаласы — 8 (7292) 30 13 38, 8 700 430 13 38
    •    Жаңаөзен қаласы — 8 (72934) 4 86 14
    •    Бейнеу ауданы — 8 (72932) 2 15 76
    •    Қарақия ауданы — 8 (72937) 2 21 91
    •    Маңғыстау ауданы — 8 (72931) 2 14 51
    •    Мұнайлы ауданы — 8 (7292) 30 26 88
    •    Түпқараған ауданы — 8 (72938) 2 22 90

Облыс тұрғындары референдум өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс арналарын пайдалана алады.