Ринат Зайыт қазіргі дәуірдің Махамбеті ме? Билік, әскер, ар соты туралы
Adal ADAM YouTube арнасының кезекті кейіпкері – Ринат Зайыт.
Депутаттық мандатын тапсырған ол қазір Ұлттық әскери-патриоттық орталықты басқарады.
Сұхбат барысында Ринат Зайыт жаңа қызметі мен алдағы жоспарлары, қазақ әскерінің беделі, сарбаздардың тәрбиесі, Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейінгі әскердегі ахуал, шенеуніктер мен ауқатты адамдардың балалары неге әскерге бармайтыны және Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығы туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар айтыс өнерінің бүгінгі жағдайы, айтыскер Мақсат Ахановқа қатысты дау, биліктегі әділдік пен таныс-тамыр мәселесі жөнінде өз пікірін білдірді.
Сұхбаттың толық нұсқасын Adal ADAM YouTube арнасынан көре аласыздар. Лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!