×

Теледебатқа талдау: Кімнің шын бейнесі ашылды? Амилай & Әміртай. Аша Матай кейсі - Қазбек Майгелдинов

Даурен Омаров 31.07.2026 | 14:30
Теледебатқа талдау: Кімнің шын бейнесі ашылды? Амилай & Әміртай. Аша Матай кейсі - Қазбек Майгелдинов
Adal Adam

Ұлттық теледебат өтті. Жеті партияның өкілдері алғаш рет бір алаңда бас қосып, білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты және адам капиталын дамыту мәселелері бойынша өз ұстанымдарын таныстырды. Бірақ пікірталастан кейін көпшіліктің көкейінде бір сұрақ қалды: кім шын мәнінде сенімді көрінді?

Adal ADAM youtube арнасының осы шығарылымында саясаттанушы Қазбек Майгелдиновпен бірге алғашқы теледебатқа жан-жақты талдау жасадық.

Партиялардың дайындығы, саяси бәсекелестік, онлайн дауыс берудің нәтижесі, әлеуметтік желінің сайлауға әсері, Құрылтай сайлауының ерекшелігі және саяси реформалардың бағыты туралы ашық әңгімелестік.

Сонымен қатар сайлаушы партияны қандай өлшеммен бағалауы керек, популизм мен нақты бағдарламаны қалай ажыратуға болады және алдағы теледебаттарда қандай тақырыптар көтерілуі тиіс деген маңызды сұрақтарға жауап іздедік.

Толық сұхбатты Adal ADAM youtube арнасынан көріп, пікірлеріңізді жазыңыздар. Алғашқы ұлттық теледебатта сіз үшін кімнің сөзі өтімді, кімнің дайындығы әлсіз болды?