«Мені «лақтырды», микроинсульт алдым». Сәкен Майғазиев туралы. Пәктік маңызы - Тұрар Сәттарқызы
Этнограф, тарихшы, «Қарашаңырақ» ұйымының басшысы Тұрар Сәттарқызы Adal Adam youtube арнасының алаңында болып, қоғамдағы құндылықтардың өзгеруі, отбасы, тәрбие және сахна мәдениеті туралы әңгіме өрбітті.
Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейінгі аза тұту мәдениеті қандай болуы керек? Әйел күйеуінен сұрануы керек пе? Жасы үлкен әйелдердің жас жігіттермен қарым-қатынасына қоғам неге ерекше қарайды? Танымал адамдардың жеке дауы неге бүкіл елдің талқысына айналады?
Сұхбатта осы және өзге де мәселелер, атап айтқанда қазіргі қыз-жігіттердің жар таңдаудағы талаптары, отбасындағы ер мен әйелдің орны, әлеуметтік желідегі қос стандарт сөз болды.
«Қарашаңырақ» ұйымының қалай қаржыландырылатыны мен демеушілері туралы да ашық айтылды.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Адал адам» YouTube арнасынан көріңіз. Лайк басыңыз, пікір жазыңыз!