Ауылдан - арманға: AUYL SPORT жобасы сыйлаған мүмкіндік - репортаж
Астанада AUYL SPORT – 2026 республикалық турнирі өтті. Еліміздің 17 өңірінен келген 1700 ауыл баласы спорттың 8 түрінен өзара мықтыны анықтады.
Тимур Құлыбаев атындағы Halyk қайырымдылық қоры ұйымдастырған жобаның мақсаты – ауыл балаларына үлкен спортқа жол ашу ғана емес, олардың танымын кеңейтіп, жаңа орта көруіне мүмкіндік беру.
Кейбірі Астанаға алғаш рет келді. Енді бірі үлкен аренада тұңғыш рет өнер көрсетті. Балалар жаңа достар тауып, тәжірибе жинады. Ең бастысы, өз күшіне деген сенімін арттырды.
Adal Adam youtube арнасына жарияланған «Ауылдан - арманға» атты арнайы репортажда жас спортшылардың арманы мен жеңіске деген ұмтылысы, бапкерлердің еңбегі және ауыл спортына жасалып жатқан қолдау туралы баяндаймыз.
Бүгін олар – ауылдың балалары, ертең – елдің мақтанышы!