×

Жаңа Конституция күшіне енді: Қазақстан халқының өмірі қалай өзгереді? - Үнзила Шапақ

Даурен Омаров 01.07.2026 | 11:57
Жаңа Конституция күшіне енді: Қазақстан халқының өмірі қалай өзгереді? - Үнзила Шапақ
Adal Adam

 

Жаңа Конституция қарапайым халықтың өмірін қалай өзгертеді? Оның пайдасын ауылдағы мұғалім, кәсіпкер немесе қарапайым жұмысшы нақты неден көреді? Конституцияға енгізілген өзгерістердің астарында қандай идея жатыр?

Осы сұрақтардың жауабын экс-мәжілісмен, Конституциялық комиссияның мүшесі Үнзила Шапақпен бірге талқыладық.

Сұхбат барысында жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттілігі, бұрынғы Конституцияның заман талабына қай тұста жауап бере алмай қалғаны, Преамбуланың мәні, «Байырғы қазақ жері», «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихы», «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» ұғымдарының не үшін енгізілгені туралы әңгімелестік.

Сондай-ақ отбасы институты, ата-анаға қамқорлықтың Конституцияда бекітілуі, ұлттық құндылықтар, тарихи сабақтастық жайында пікір алмастық.

Егер жаңа Конституцияға қатысты сұрақтарыңыз болса немесе оның мәнін қарапайым тілмен түсінгіңіз келсе, ADAL Adam youtube арнасындағы сұхбатты толық көріңіз.

Пікіріңізді жазып, ой бөлісуді ұмытпаңыз.