×

Оралда екі ірі жобаны қаржыландыру мәселесі талқыланды

Adal Adam 02.04.2026 | 17:02
Оралда екі ірі жобаны қаржыландыру мәселесі талқыланды
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласының Бәйтерек ауданы аумағында жерасты сулары кен орнының сужинағыш құрылыстарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Adaladam.kz. 

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыстар қала тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тапсырысы бойынша жүргізілуде.

Үкімет басшысының кеңесшісі Ермек Маржықпаевқа жалпы құны 12,4 млрд теңге болатын жобаның жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Жоспар толық орындалса, жүйе 360 мың абонентті қамтамасыз етіп, тәулігіне 35 мың текше метр су беруге қауқарлы болады.

Құрылыс алаңында екі резервуар салынып жатыр, ал мердігер компания «Аскади» сонымен қатар диаметрі 1000 мм болатын 14 шақырым су құбырын қайта құру жобасын жүзеге асыруда.

Жиында кеңесшіге жобаның қаржыландыру кестесіне байланысты кейбір кешігулер мүмкін екені айтылды, бірақ басқа бағыттар бойынша мердігерлер өз міндеттерін толық орындап отыр. Жергілікті атқарушы орган компаниямен кепілдік мерзімін 10 жылға ұзарту туралы келісімге келген.

Ермек Маржықпаев мәселені уәкілетті органдарға жеткізіп, назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта облыс орталығы тұрғындары Жайық өзеніндегі су тазалағыш қондырғыдан және Трекин ауылы маңындағы жерасты су көзінен ауызсу алады.